30.05.2007, 10:16 1464

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің жетекшісін қабылдады

АСТАНА. 30-мамыр. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге үш күндік сапармен келген Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Собянинді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

Кездесуде алдағы маусым айының басында Санкт-Петербург қаласында өткелі отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы екі мемлекеттің президент әкімшіліктерінің кездесулеріне оң баға бере келе оларға жиірек кездесіп тұруға кеңес беріп, өздерінен, мемлекет басшыларынан үлгі алуға шақырды.

Ресейлік әріптесімен президент әкімішілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбеков те жүздесті. Онда тараптар ең жоғарғы деңгейде қол жеткен келісімдерді жүзеге асыру барысы туралы пікір алысты. Иріптестер жақын болашақтағы ынтымақтастықтың барлық дерлік қырларын қамтитын 2007-2008 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруда президент әкімшіліктерінің қол қоса қимылдауының маңыздылығына тоқталды. Сергей Собянин Қазақстанның саяси жүйесіне түбегейлі бетбұрыс әкелген конституциялық өзгерістерді Ресей аса қызығушылықпен қабылдағанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны