14.08.2017, 19:03 4344

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасымен кездесуде экономиканыӊ қазіргі жағдайында мұндай басқосудыӊ маӊызды екенін айтты.

Д.Медведев Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудыӊ өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастыӊ одан әрі дамуына сенім білдірді.

- Біз достас Қазақстанныӊ "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу барысында жеткен жетістіктеріне қуанамыз. Бұл - шын мәнінде, Сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маӊызы зор оқиға. Бүгін біз Еуразиялық үкіметаралық кеӊес аясында қазіргі экономикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұмысқа қолайлы жағдай жасағаныӊыз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасымыз соӊғы жылдардағыдай, қарқынды түрде дами түседі деп сенемін, - деді Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны