12.12.2006, 13:46 2912

Мемлекет басшысы Ресей, Италия және Ауғанстан елшілерінің сенімхаттарын қабылдады

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ресей елшісі Михаил Бочарников, Италия елшісі Бруно Антонио Паскуино, Ауғанстан елшісі Азиз Арианфардың сенімхаттарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ресей басшылығы Қазақстанмен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға айрықша маңыз беруде",- деді рәсімнен кейінгі брифингте Ресей елшісі М.Бочарников.

"Қазірде екі ел арасындағы екі жақты қарым-қатынастар биік деңгейге көтерілді. Мәселен, өзара тауар айналымымыз кейінгі жылдары қарқынды өсті",- деді Ресей елшісі. "Біздің бағалауымызша, ағымдағы жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12 млрд. долларға жетеді",- деді ол.

Елшінің пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бірінші кезекте экономика, энергетика, ғарыш саласы мен атом өнеркәсібі саласында қарқынды дамып келеді.

Қазақстан мен Италия арасындағы екі жақты қарым-қатынастың дамуына Италияның Қазақстандағы елшісі Бруно Антонио Паскуино да жоғары баға берді.

"Қазақстан президентімен кездесуде біз Италия бизнесінің ауылшаршуалылығы, жоғары технологиялар мен қызмет көрсету салаларына атсалысу мүмкіндіктерін талқыладық",- деді ол.

Елші сондай-ақ Италияның саяси және гуманитарлық салаларда Қазақстанмен екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейте түсуден мүдделі екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны