12.03.2008, 10:21 1301

Мемлекет басшысы Ресей үкіметі төрағасының орынбасары - қаржы министрі Алексей Кудринді қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей үкіметі төрағасының орынбасары - қаржы министрі Алексей Кудринді қабылдады

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ресей үкіметі төрағасының орынбасары - Қаржы министрі Алексей Кудринді қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде қаржы секторындағы, ДСҰ-ға кірудегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын дамыту мәселелері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) қызметі талқыланды.

Журналистерге арналған брифингте сөйлеген сөзінде А.Кудрин:

"Ағымдағы жылдың қаңтарында Ресей ЕАДБ жарғылық капиталының өзіне тиесілі бөлігін аударды. Қазақстан да жарғылық капиталдың өз бөлігін аударуды аяқтауда. Еуразиялық даму банкі жарғылық капиталының жалпы көлемі 1,5 миллиард долларды құрайтын болады",- деді.

А.Кудрин ЕАДБ капиталы мен жобаларын басқару жоғары деңгейде жүзеге асып отырғанын атап өтті. Бұл банкке Ресейдің де, Қазақстанның да дербес рейтингісінен жоғары болып табылатын халықаралық инвестициялық рейтингке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

"Бүгінгі біздің мақсатымыз - ЕАДБ-ның мүшелерінің санын көбейту. Бізге Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь елдерінің банк акционерлері қатарына кіру туралы өтініштері келіп түсті. Таяу жылдары ЕАДБ ЕурАзЭҚ және тұтастай алғанда, ТМД аумағындағы жетекші инвестициялық банкке айналады. Бұл халықаралық деңгейдегі жаңа өңірлік даму институты болмақ", - деп атап өтті А.Кудрин.

Сондай-ақ кездесу барысында екі ел ықпалдастығын байланыстырып, қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымындағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің даму институттарының ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ЕАДБ құру туралы құжаттарға Ресей мен Қазақстан мемлекет басшысының қатысуымен 2006 жылдың қаңтарында қол қойылды. Құрылтайшылық құжаттар бойынша жарғылық капиталдың көлемі 1,5 млрд. долларды (РФ-ның үлесі - 1 млрд.) құрайды. Банк халықаралық қаржылық ұйым болып табылады және банкке мүше мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға ықпал етуге, олардың экономикалық өсуіне және инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны