21.12.2015, 16:12 3738

Мемлекет басшысы Ресейдіӊ халықтар достығы университетініӊ ректоры Владимир Филипповпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдіӊ жетекші жоғары оқу орындарыныӊ өзара ықпалдастығы мәселелері, сондай-ақ екі елдіӊ білім беру саласындағы ынтымақтастығыныӊ перспективалы бағыттары талқыланды

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдіӊ жетекші жоғары оқу орындарыныӊ өзара ықпалдастығы мәселелері, сондай-ақ екі елдіӊ білім беру саласындағы ынтымақтастығыныӊ перспективалы бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі көшбасшылардыӊ бірі болып саналатын білім ордасы біздіӊ ел үшін де білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосып отырғанын айтты. Мәселен, бүгінде университетте Қазақстаннан келген 500-ден аса студент оқып жатыр, бұл әлемніӊ 150 елі ішінде екінші орындағы көрсеткіш болып саналады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

В.Филиппов Нұрсұлтан Назарбаевқа елдеріміздіӊ арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары арасындағы толыққанды академиялық ықпалдастыққа қолайлы жағдай жасауға көӊіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны