09.06.2008, 17:09 3087

Мемлекет басшысы ресми сапармен Францияға барады

Мемлекет басшысы ресми сапармен Францияға барады

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы ресми сапармен Францияға барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10-11 маусымда ресми сапармен Францияға барады ", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сапар аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойып, "Қазақстан - Франция" бизнес-форумын өткізу жоспарланған.

"Президенттің Францияға сапары екі елдің мемлекет басшылары уағдаласқанындай, Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестіктің өсе түскенінің айғағы. Тиісті декларацияға 2008 жылдың 8 ақпанында Франция үкімет басшысы Франсуа Фийонның Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған", -деді СІМ өкілі.

"Декларацияға қол қойылғаннан кейін болған барлық Қазақстан мен Франция арасындағы ресми байланыстар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің рухын нақты мазмұнмей байытуға бағытталды", - деді Е. Ашықбаев.

Президенттің алдағы сапары "Францияның Еуропа құрлығындағы Қазақстанның бір шешуші серіктесі екенін көрсетеді",- деді елші. "Сонымен бірге Қазақстан президентінің сапары Франция үшін Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы стратегиялық маңызын атап көрсетуге бағытталады", -деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны