28.01.2015, 16:03 3763

Мемлекет басшысы республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетініӊ төрағасы Қозы-Көрпеш Жаӊбыршинді қабылдады

Есеп комитетініӊ төрағасы Елбасыға ведомствоныӊ 2014 жылғы жұмысыныӊ негізгі қорытындылары мен алдағы кезеӊге арналған міндеттері туралы баяндады

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Есеп комитетініӊ төрағасы Елбасыға ведомствоныӊ 2014 жылғы жұмысыныӊ негізгі қорытындылары мен алдағы кезеӊге арналған міндеттері туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне республикалық бюджеттіӊ атқарылуыныӊ қорытындылары, қаражатты жоспарлау және пайдалану кезінде үнемі анықталып жүрген проблемалар мен кемшіліктер туралы айтылды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Есеп комитеті былтыр 298 нысанда 3,1 триллион теӊге мөлшеріндегі қаражатты қамтитын 25 бақылау іс-шарасын жүргізді. Анықталған заӊбұзушылықтыӊ жалпы көлемі 716 миллиард теӊгені құрады, республикалық бюджетке 75 миллиард теӊгеден астам қаражат қайтарылды.

Тексерулер мен бақылау-талдау шараларыныӊ нәтижесі бойынша Үкіметке, мемлекеттік органдарға және квази-мемлекеттік сектор субьектілеріне 312 ұсыным мен тапсырма жолданды.

Сонымен қатар, Қ.Жаӊбыршин облыстардыӊ, Астана және Алматы қалалары ревизиялық комиссияларыныӊ 2014 жылғы жұмысыныӊ негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражатыныӊ тиімді әрі оӊтайлы пайдаланылуына бақылауды күшейтудіӊ, сондай-ақ "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысына қаржылық тәртіпті нығайтудыӊ маӊыздылығын атап айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны