05.09.2007, 10:31 1693

Мемлекет басшысы Республикалық ұлан мен президенттің күзет қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын оң бағалады

Кеше "Майлан" әскери полигонына барып, арнаулы бірлескен тактикалық жаттығуларын бақылаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық ұлан мен президенттің күзет қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын оң бағалады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Кеше "Майлан" әскери полигонына барып, арнаулы бірлескен тактикалық жаттығуларын бақылаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық ұлан мен президенттің күзет қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын оң бағалады.

"Мемлекет басшысы Республикалық ұлан мен президенттің күзет қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік дайындық деңгейіне оң баға берді", -деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, "Қамал-2007" атты оқу-жаттығулар барысында әскерилер "болуы ықтимал лаңкестік әрекеттерге жауап қату және оның алдын алу жөніндегі шешімдер қабылдау тетіктерін паш етіп, жауынгерлік атыстардан арнайы жаттығулар орындаудағы кәсіби дайындықтарын, түрлі жағдайларда қорғаудағы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін көрсетті.

Оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін мемлекет басшысы жаңаша әскери техникалардың үлгілерімен танысты, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны