15.05.2007, 17:12 2789

Мемлекет басшысы саяси реформаларға қатысты мәселені партиялардың жетекшілерімен және әкімдермен бірлесе талқылады

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Елордасындағы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси партиялардың жетекшілерімен, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесуі басталды, онда алдағы конституциялық реформаға қатысты мәселе талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгінгі күн - еліміздің дамуындағы аса маңызды сәттердің бірі. Мен өзімнің әріптестерім-партияластырымды, "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының мүшелерін, партиялардың жетекшілерін, облыс әкімдерін шақырдым. Біз саяси реформаларды тікелей іске асыра бастауға ден қойып, еліміздегі саясатты либерализациялауға қарай жаңа үлкен қадам жасағалы отырмыз",- деді кездесуді ашқан президент.

"Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған бағыттардың 80 проценттен астамы қабылданып, қалған 20 процент бойынша біз тіптен алға жылжыдық. Бүгін біз өз арамызда ашық-жарқын әңгімелесеміз. Алдағы іс-әрекеттерімізді жан-жақты талқылауымыз қажет",- деді Н.Назарбаев. "Ертең парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Мен Қазақстан Республикасының Ата заңына енгізілетін бірқатар түзетулерді парламенттің талқысына ұсынбақшымын",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны