26.05.2016, 15:03 4884

Мемлекет басшысы "Сбербанк России" ААҚ президенті және басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

Елбасы "Сбербанк" Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде республиканыӊ жетекші қаржы-несие мекемелерініӊ біріне айналғанын айтты

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында банктіӊ Қазақстандағы қызметініӊ мәселелері, сондай-ақ елдіӊ қаржы секторы мен банк жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы "Сбербанк" Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде республиканыӊ жетекші қаржы-несие мекемелерініӊ біріне айналғанын айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде көптеген елдер мен қаржы институттары қиындық көріп отырғанын, проблемаларды шешу жолдарын бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы іздестірудіӊ маӊызды екенін атап өтті.

Г.Греф Қазақстан Президентіне банк саласын дамыту мәселелеріне ұдайы көӊіл бөліп отыратыны үшін ризашылық білдірді.

- Қазіргі дағдарыс бізге жұмысымызда нені жақсарту керектігін сезінуге мүмкіндік берді. Қиындықтарға қарамастан, банк қызметі былтырғыға қарағанда биыл айтарлықтай тұрақты болды. Жалпы, дағдарыс бізге таяу кезеӊде елдегі жұмысымызға, атап айтқанда, қатерлердіӊ алдын алу менеджементін жетілдіру және соӊғы технологияларды анықтау саласындағы қызметімізге біршама өзгерту енгізу қажеттігін айқын аӊдатып отыр, - деді Г.Греф.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны