14.02.2008, 14:37 2572

Мемлекет басшысы шағын және орташа бизнесті тексеруге мораторий жариялады (толықтырылған нұсқа)

Мемлекет басшысы шағын және орташа бизнесті тексеруге мораторий жариялады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы шағын және орташа бизнесті тексеруге мораторий жариялады. Бұл туралы ол бүгін өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тексерулерді жеңілдету үшін, шағын және орташа бизнеске жүргізілетін барлық тексерулерге мораторий жариялаймын. Бұл бірақ қауіпсіздік, адамдардың денсаулығы, яғни дәрі-дәрмек, азық-түлік және осыған ұқсас салаларға таралмайды", - деді президент.

Мемлекет басшысы үкіметке "мораторийдің қанша уақыттан бастап, қашанға дейін жариялау" мәселесін зейін қойып қарастыруды тапсырды .

"Мен айтқанымдай, бақылау құрылымдары бизнестің дамуын тежеп отыр. Қысқа мерзімде жағдайды қарастырып, тиісті шараларды қабылдау қажет", - деді президент. "Тексеру жасау қажет, бірақ тәртіп болу керек қой ", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны