09.06.2017, 23:30 6075

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шағын және кеӊейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шағын және кеӊейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шағын және кеӊейтілген құрамдағы отырысына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы 16 жылдағы даму тарихында халықаралық тұрғыдан мойындалып, көп салалы өзара іс-қимылдыӊ тиімді басқосуына айналғанын атап өтті.

- Аймақтық қауіпсіздікті нығайту, елдеріміз арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды ілгерілету және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеӊейту жолында ауқымды жұмыс атқарылды. Шарттық-құқықтық база қалыптасты. Ұйымныӊ берік институционалдық негізі жасалып, аймақтық және жаһандық ықпалы артып келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Астана саммиті ұйымныӊ жаӊа тарихына бастау болып отырғанына тоқталды.

- Бұл отырыс алты тарапты форматта соӊғы рет өтіп отыр. Бүгін біз Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасын қабылдау рәсімін аяқтап, оларға ШҰЫ-ныӊ мүше-мемлекеті мәртебесін беру жөніндегі шешімге қол қоямыз. Жаӊа мүшелерді қабылдау ұйымныӊ дамуына зор серпін беріп, оныӊ халықаралық беделініӊ артуына септігін тигізеді, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ жұмысында геосаясаттағы кейінгі үрдістер мен әлемдік экономикадағы негізгі трендтер ескеріліп отыратынын атап өтті.

- Басты мақсаттарға біртіндеп қол жеткізу және барлық бірлескен шешімдерді тиімді іске асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген жаӊа қауіп-қатерлерді еӊсеру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, осы саммит аясында Халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл туралы мәлімдеме қабылдап, Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенцияға қол қою жоспарланып отыр. Бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ осы жаһандық зұлматпен күресуге қосқан елеулі үлесі болмақ, - деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті бұл күні сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ кеӊейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

Отырыстыӊ күн тәртібіне сәйкес тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ қазіргі жағдайына және оны дамыту перспективасына қатысты мәселелерді талқылап, ұйым аясында ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі бірлескен қадам жасау жайы, сондай-ақ халықаралық және өӊірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы басқосудыӊ төрағасы ретінде отырысты ашып, Үндістан мен Пәкістанды Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ толық құқылы мүшесі етіп қабылдау рәсімініӊ аяқталғанына назар аударып, саммиттіӊ тарихи маӊыздылығын атап өтті.

- Ұйымныӊ құрамы алғаш рет кеӊейіп отырғандықтан, біздіӊ осы кездесуіміз тарихи шараға айналады десем, артық айтқандық емес. Бүгіннен бастап Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ толық құқылы мүшесі болды. Енді ұйымныӊ жауапкершілік аясы 3 миллирдтан астам тұрғыны бар аумақты қамтиды. Сонымен, ол "Шанхай сегіздігі" сияқты институционалдық дамудыӊ жаӊа кезеӊіне қадам басты. Бүгінде біз ШЫҰ кеӊістігіне іргелес кейбір аймақтарда жағдай ушығып, геосаяси шиеленістіӊ өрши түскеніне куә болып отырмыз. Осы орайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларыныӊ Халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл туралы мәлімдемесін қабылдауымыз дер кезінде жасалған қадам болды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қол қоюға ұсынылған Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ШЫҰ конвенциясыныӊ өзектілігіне де тоқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті "Бейбіт миссия" атауымен өткізілген бірлескен антитеррорлық жаттығулардыӊ ұйымға мүше мемлекеттердіӊ тәжірибе жүзіндегі ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, биылғы сәуір айында Астана қаласында ұйымдастырылған "Есірткісіз әлем үшін" атты халықаралық акцияға қатысқаны үшін барлық тарапқа ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде ШЫҰ-ныӊ халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысына жеке тоқталды.

- 2016 жылғы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы ШЫҰ-мен ынтымақтастық жөніндегі қарар қабылдады. Трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ШЫҰ-БҰҰ жоғары деӊгейдегі бірлескен іс-шарасыныӊ қорытындыларын бағалаймыз. Шанхай ұйымыныӊ Халықаралық Қызыл Крест комитетімен қарым-қатынастарын рәсімдеудіӊ болашағы зор. ШЫҰ-ныӊ Еуразиялық экономикалық одақпен және Ислам ынтымақтастығы ұйымымен өзара іс-қимыл орнатуын да қолдаймыз, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ұйым аясында экономикалық кооперацияны ілгерілету мәселесіне назар аударып, осы саладағы жаӊа институционалдық мүмкіндіктерді атап өтті.

- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердіӊ үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалы үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі келісім күшіне енді. Еуразиялық экономикалық одақ жобаларыныӊ "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" бастамасымен ұштасуын ескерер болсақ, өӊірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ болашағы жарқын екені байқалады. Келешекте ШЫҰ еркін сауда аймағын құру өзара сауданыӊ артуына септігін тигізеді. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қызметіміздіӊ маӊызды бағыты болып саналады. Осыған орай Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетін құру және оныӊ қызметі туралы келісімге қол қойылғанымен құттықтаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ 2017-2018 жылдардағы туризм саласындағы ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары аясындағы өзара іс-қимылдыӊ белсенді болатынына назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде өӊірлік және жаһандық қақтығыстарды шешуге бар күш-жігерін салуға ұмтылатынын мәлімдеді.

- Ауғанстан басшылығыныӊ ел ішіндегі саяси диалогты нығайту және оны тұрақты әрі орнықты дамушы мемлекетке айналдыруды көздейтін шаралар жөніндегі қадамдарын қолдаймыз. Қазақстан Астана процесі басқосуында сирияаралық дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздер үдерісіне өз үлесін қосуын жалғастыра бермек. Осы келіссөздерге мүдделі барлық тараптардыӊ қатысуын қамтамасыз ету маӊызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ ядролық қарусыздану мен таратпау идеясын берік қолдайтынын атап өтіп, еліміз Солтүстік Кореядағы ядролық қаруға қатысты проблеманы реттеу жөніндегі келіссөздерді тезірек қайта бастауды құптайтынын айтты.

Қазақстан Президенті "жасыл энергетиканы" дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

- Бүгін барлығымыз "Болашақтыӊ энергиясы" ұранымен дүние жүзілік "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ ашылу рәсіміне қатысамыз. Бірнеше ай бойы бұл жерде экологиялық таза энергетика саласындағы еӊ озық технологиялар көрсетілетін болады. Астанадағы ЭКСПО көрмесі нәтижелерініӊ ШЫҰ-ныӊ барлық елдері және жалпы халықаралық қоғамдастық үшін пайдасы зор болады деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы ұйымды дамытудыӊ барлық басты бағыттары бойынша өзара іс-қимылдыӊ жоғары деӊгейіне мемлекеттер ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Отырыста, сондай-ақ, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасыныӊ Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Нарендра Моди, Пәкістан Ислам Республикасыныӊ Премьер-Министрі Наваз Шариф, Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ Президенті Ашраф Ғани, Беларусь Республикасыныӊ Президенті Александр Лукашенко, Моӊғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ Бас хатшысы Рашид Алимов, ШЫҰ Өӊірлік антитеррорлық құрылымыныӊ атқарушы комитетініӊ директоры Евгений Сысоев, ТМД Атқарушы комитетініӊ төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедев, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеӊесініӊ Азиядағы атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, Оӊтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығыныӊ Бас хатшысы Ле Лыонг Минь, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысыныӊ орынбасары Аманжол Жанқұлиев сөз сөйледі.

Іс-шара регламентіне сәйкес, отырыс соӊында Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық Қытай Халық Республикасына өтті.

***

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары отырысыныӊ қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды:

1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларыныӊ Астана декларациясы;

2. Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ШЫҰ конвенциясы;

3. Үндістан Республикасын ШЫҰ мүшесі ретінде қабылдау рәсімін аяқтау және оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін беру жөніндегі ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шешімі;

4. Пәкістан Ислам Республикасын ШЫҰ мүшесі ретінде қабылдау рәсімін аяқтау және оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін беру жөніндегі ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шешімі;

5. Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасына ШЫҰ-ныӊ мүше мемлекеті мәртебесініӊ берілуіне байланысты ШЫҰ мүше мемлекеттерініӊ үлестік жарналары туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шешімі;

6. Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ өткен жылдағы қызметі жөніндегі ұйымныӊ Бас хатшысыныӊ баяндамасын бекіту туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шешімі;

7. Өӊірлік антитеррорлық құрылымыныӊ 2016 жылғы қызметі жөніндегі ШЫҰ Өӊірлік антитеррорлық құрылым кеӊесініӊ баяндамасын бекіту туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шешімі;

8. ШЫҰ мүше мемлекеттерініӊ ШЫҰ Өӊірлік антитерррорлық құрылым жанындағы тұрақты өкілі жөніндегі ережені бекіту туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шешімі;

9. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесі шешімдерініӊ күшін жою туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шешімі;

10. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларыныӊ халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимылы туралы мәлімдеме (қол қоюсыз қабылданады);

11. ШЫҰ мүше мемлекеттер кеӊесі отырысыныӊ қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама (қол қоюсыз қабылданады).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны