03.06.2015, 14:40 3337

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-отырысына қатысуға келген "Камеко" компаниясыныӊ бас басқарушы директоры және президенті Тим Гитцельді қабылдады

Иӊгіме барысында тараптар Қазақстандағы уран өндіру саласыныӊ даму перспективасын талқылады

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Иӊгіме барысында тараптар Қазақстандағы уран өндіру саласыныӊ даму перспективасын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Т.Гитцельдіӊ Кеӊес жұмысына қатысатынына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- "Камеко" компаниясыныӊ Қазақстандағы қызметініӊ тарихы қалыптасып келеді. Компания 1996 жылдан бастап Инкай кенішінде жұмыс істей бастады. Осы уақыт аралығында ол табысты жобалардыӊ біріне айналды. Сондықтан біз Сізбен бейбіт мақсаттағы атомды игеру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді. Осыған байланысты келісімге қол қою біздіӊ елге және сіздіӊ корпорацияға пайдалы болады деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Т.Гитцель өз кезегінде "Камеко" және "Казатомөнеркәсіп" компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны