09.06.2009, 09:54 1371

Мемлекет басшысы "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы - бас атқарушы директоры Дэвид О'Райлиді қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Дэвид О'Райли президентті кеңейту жобасын жүзеге асыру арқылы мұнай өндіруді жылына 24 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырған "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны қызметінің нәтижелері туралы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық үлес пен компанияны басқаруда маңызды орындардан көріну үшін ұлттық кадрларды сапалы даярлауға қатысты мәселелерге назар аударды.

Теңіз бен Қарашығанақ кеніштерінде мұнай өндіруді ұлғайтудың және Қашаған кен орнын пайдалануға қосудың жоспарлануына байланысты Каспий құбыр желісі консорциумын кеңейту мәселесі талқыланды.

Компания мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы ТШО-ның КТК жүйесі бойынша тасымалдаған мұнай көлемі 14,6 млн тоннаны (барлығы 32 млн тонна), 2009 жылдың бірінші тоқсанында 3,7 млн тоннаны (8,8 млн тонна) құраған.

Кездесуде сондай-ақ корпорацияның Қазақстандағы инвестициялық жоспарлары, атап айтқанда, Атырау полиэтилен құбырлары зауытын кеңейту және арматура шығаратын зауыттың құрылысы жайлы талқыланды.

"1993 жылдан бері бірлескен кәсіпорын Қазақстан экономикасына 30 млрд долларға жуық қаржы салды. Салыстыру үшін айтар болсақ, "Шеврон" осы кезең аралығында 3 миллиардқа жуық доллар табыс тапты. Бұл оның қазіргі таңда табысты жұмыс істейтін жақсы келісім-шарт екендігін білдіреді", - деді "Шеврон" корпорациясының бас атқарушы директоры Дэвид О'Райли.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны