01.10.2008, 18:04 2982

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы жұмысшыларды дайындау жүйесін бағалады

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы жұмысшыларды дайындау жүйесін бағалады

Өскемен. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Өскемендегі №1 кәсіптік-техникалық лицейде болды, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Шеберханалармен танысу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев болашақ слесарь, темір жонушы, дәнекерлеуші мамандармен сұхбат өткізді.

Мемлекет басшысы лицейдің кадрлық әлеуетін, жұмысшы мамандықтарын даярлаудағы қалыптасқан жүйені, өндірістік кәсіпорындардағы шефтік қамқорлықтың жаңғыруын, білім берудің осы саласын дамытуға инвестициялар салуды қанағаттанғандықпен атап өтті.

Атап айтқанда, осы лицейде 10 техникалық мамандық бойынша жұмысшы мамандары даярланады. Оқу орны 1978 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал 2003 жалдан бастап кәсіптік-техникалық лицей болып қайта құрылды. Мұндағы оқу-өндірістік база қуатты болып саналады - 8 шеберхана, 4 зертхана, 23 оқу бөлмесі, кітапхана, есептеу орталығы бар.

Лицей өңірдегі көптеген кәсіпорындармен, оның ішінде негізгі - "Қазмырыш", Үлбі металлургия, Шығыс Қазақстан машина жасау зауыттары, титан-магний комбинаты сияқты алып өнідіріс орындарымен жақсы байланыс орнатқан.

Бұл техникалық лицейдің ерекшелігі - жіті жолға қойылған жаңа ықпалдастық - лицей-жоғары оқу орындары жүйесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны