12.06.2008, 19:49 3143

Мемлекет басшысы Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болуына байланысты Қырғызстанның Астанадағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабында қолтаңбасын қалдырды

Мемлекет басшысы Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болуына байланысты Қырғызстанның Астанадағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабында қолтаңбасын қалдырды

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін аты әлемге мәшһүр жазушы Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болуына байланысты Қырғызстан Республикасының Астанадағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабында қолтаңбасын қалдырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Шыңғыс Айтматовтың қазасы қырғыз бен қазақ халықтарының ортақ қайғы екенін атап өтті.

"Илем әдебиетінің алыбы, түрік әлемінің мақтанышы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов әлем мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Амал не, ажал шіркін ұлы тұлғаны арамыздан алып кетті", - деп жазды мемлекет басшысы көңіл айту кітабында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны