18.03.2018, 18:42 4274

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті бұл оқиғаны елдіӊ ұлттық мүддесін ілгерілету ісіне зор үлес қосқан Си Цзиньпинге Қытай халқыныӊ жоғары бағасы ретінде атап өтті.

- Қытай Сіздіӊ басшылығыӊызбен орташа ауқатты қоғам құру жолында бұдан да биік шыӊдарды бағындыратынына сенімдімін. Келешекте Қазақстан мен Қытайдыӊ түрлі салалардағы стратегиялық әріптестігі қарқынды дами беретініне және халықтарымыздыӊ достығы одан әрі нығая түсетініне еш күмәнім жоқ. Осыған орай өзара сенім мен түсіністікке негізделген біздіӊ жеке достығымыздыӊ маӊызы ерекше. Арамыздағы қарым-қатынастарымыз бен бірлескен жұмысымыз келешекте Астана мен Пекинніӊ жемісті ынтымақтастығыныӊ берік тірегі болатынына кәміл сенемін, - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке тілеп, достас Қытай халқыныӊ өркендеуі мен дамуына ниеттестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны