09.02.2007, 19:17 3040

Мемлекет басшысы "Ситигрупп" халықаралық бақылау кеңесінің төрағасы Джеймс Вулфенсонды қабылдады

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Ситигрупп" халықаралық бақылау кеңесінің төрағасы Джеймс Вулфенсонды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Қазақстанның экономикалық дамуы, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері талқыланды.

Алматы өңірлік қаржы орталығын (АӨҚО) дамыту мәселелері жөніндегі Президенттің штаттан тыс кеңесшісі ретінде Джеймс Вулфенсон АӨҚО Даму жоспарын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Орталық консультанттарының жұмысына талдау жасайтын болады.

Дүниежүзілік банктің бұрынғы президенті Д.Вулфенсон қаржы рыногының қызметі туралы білімді кеңінен тарату мақсатында Қазақстанда кең ауқымды ақпараттық науқан жүргізу қажеттілігін атап өтті.

Иңгіме барысында сондай-ақ Қазақстан экономикасының басқа да салаларында шетелдік тәжерибені қолдану мүмкіндіктері қаралды. Шығу тегі бойынша австралиялық Д.Вулфенсон агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерінде Австралияның тәжірибесін барынша егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынды және тиісті ұсынымдар беруге әзір екендігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны