14.01.2008, 19:02 2803

Мемлекет басшысы Солтүстік Каспий жобасы бойынша мердігер компаниялардың өкілдерін қабылдады

Мемлекет басшысы Солтүстік Каспий жобасы бойынша мердігер компаниялардың өкілдерін қабылдады

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Каспий жобасы бойынша мердігер компаниялардың өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақордаға президентпен кездесуге келгендердің арасында "Шелл", "Тоталь", "ЭНИ", "Экссон Мобил", "Коноко Филипс" және "Инпекс" компанияларының өкілдері бар.

Кездесу барысында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев президентке Қазақстан үкіметінің Солтүстік Каспий жобасы бойынша Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қойған компаниялар консорциумымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы жайлы хабардар етті.

"Ең бастысы, консорциумға мүше барлық тараптарда, соның ішінде Қазақстан жағы да бар, болашақта жобаның қарқыны артады деген сенім бар", -деді министр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жағының Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім бойынша қол қойылған келісім-шарттарға адалдық принципіне бағынғанын атап өтті.

"Қазір ғана әділеттіліктің тепе-теңдігі қалпына келтірілді. Біздің жақ та қабылданған шешімге қанағаттануға тиіс деп ойлаймын. Сіздер өкілдері болып табылатын барлық компанияға Қазақстан үкіметі мен өз басым үлкен құрметпен қараймыз. Осындай компромистің нәтижесінде біздің дос және әріптес қалпында қалуымыздың және бірлесе жұмыс істеуіміздің маңызы зор", -деді президент.

Кездесуге қатысушылар келіссөздердің қорытындысы мен Қазақстан президентімен бүгінгі кездесудің қорытындысына көңілдері толатынын жеткізді.

"Бұл кездесу келіссөздер барысында қол жет кізілген уағдаластықтарға бата бергенмен бірдей. Бүгінгі күн - барлық тараптардың түсіністігі бастау алған мәре басындай, аса маңызды күн болды. Қашаған жобасы аса үлкен жоба, оны игеруге атсалысушы компаниялар оны жүзеге асыру бағытында табысты жұмыс істеп жатыр",- деді "Шелл" компаниясының президенті Йеруен Ван дер Веер журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны