05.02.2010, 17:10 3464

Мемлекет басшысы "Табиғат" экологиялық одағының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы "Табиғат" экологиялық одағының төрағасын қабылдады

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпорындары мен қауымдастығының "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М. Елеусізов президентті 2009 жылы желтоқсанда Копенгагенде өткен және халықаралық климаттық форум тарихында ірі оқиғаға айналған БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптарының 15-ші конференциясының жұмысына қатысқандығынан хабардар етті.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстандағы экологиялық жағдайға және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарға байланысты кең көлемдегі мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны