14.09.2015, 14:20 4007

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға еліне шақырғаны және қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ тәжік халқын екі маӊызды мерекемен - Тәуелсіздік күнімен және Гиссардыӊ 3000 жылдығымен құттықтады

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға еліне шақырғаны және қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ тәжік халқын екі маӊызды мерекемен - Тәуелсіздік күнімен және Гиссардыӊ 3000 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан мен Тәжікстанды өзара құрмет пен сенімге негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстырады. Біздіӊ елдеріміздіӊ арасында саяси да, экономикалық тұрғыдан да келіспеушілік жоқ. Тәжікстан бізбен бауырлас ел, сондықтан біз оныӊ орнықты дамуына мүдделіміз. Илемдік экономикадағы қазіргідей күрделі жағдайда біздіӊ бірлескен ынтымақтастықты дамытуға қажетті мүмкіндіктеріміз бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ елдеріміз халықаралық саясатта ортақ қағидаттарға сүйенетінін, бұған ШЫҰ, АӨСШК және ҰҚШҰ секілді ұйымдар аясындағы тығыз ынтымақтастық айғақ екенін айтты.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға көӊіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар, бүгінде екі елдіӊ серіктестігі түрлі салада, соныӊ ішінде сауда-экономика саласында нығайып келе жатқанына тоқталды.

Сіздіӊ бүгінгі сапарыӊыз біздіӊ елдеріміздіӊ арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамыту үшін тыӊ серпін береді, - деді Тәжікстан Президенті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарт;

- ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасындағы ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- ҚР СІМ және ТР СІМ арасындағы ынтымақтастық бағдарлама;

- ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасындағы еӊбек қызметі және еӊбек мигранттарыныӊ, екі елдіӊ аумағында уақытша жұмыс істейтін ҚР және ТР азаматтарыныӊ құқықтарын қорғау туралы 2006 жылғы 4 мамырдағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

- ҚР Үкіметі мен ТР Үкіметі арасындағы білім саласындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ТР Үкіметі жанындағы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны