23.05.2017, 18:06 4412

Мемлекет басшысы Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

"Бүкіл Ұлыбритания халқына, қайғылы оқиға құрбандарыныӊ отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқыныӊ және жеке өзімніӊ атымнан қайғыларына ортақтасып, көӊіл айтамын. Зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Премьер-Министрі Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта "Манчестер Арена" стадионындағы жарылыстар салдарынан көптеген адамныӊ қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Бүгінде терроризмніӊ етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмніӊ кез келген түрін қатаӊ айыптайды.

"Бүкіл Ұлыбритания халқына, қайғылы оқиға құрбандарыныӊ отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқыныӊ және жеке өзімніӊ атымнан қайғыларына ортақтасып, көӊіл айтамын. Зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны