13.06.2014, 21:46 2864

Мемлекет басшысы "Тойота Мотор Корпорэйшн" компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесті

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында "Тойота Мотор Корпорэйшн" компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесті.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында "Тойота Мотор Корпорэйшн" компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесті.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту, соның ішінде осы "Тойота" маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады.

"Тойота Мотор Корпорэйшн" - автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны