31.08.2018, 14:59 10767

Мемлекет басшысы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды

Томотерапия және ядролық медицина орталығыныӊ арнаулы құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу үдерісі мен сапасын оӊтайландыруға және жетілдіруге, сондай-ақ алдағы уақытта өзге елдердегі онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге зор мүмкіндік береді.

Астана. 30 тамыз. Kazakhstan Today - 29 тамызда Мемлекет басшысы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығыныӊ жаӊа ғимаратын аралап көріп, әр пациенттіӊ жекелеген қажеттіліктеріне сай онкологиялық ауруларды нақты әрі жоғары сапалы сәуле беру арқылы емдеуге мүмкіндік беретін "TomoTherapyHI-HD" құрылғысыныӊ жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев медициналық мекеменіӊ қызметкерлерімен әӊгімелесу кезінде онкологиялық ауруларға диагностика жасап, оларды емдеу барысында заманауи ғылыми әдістерді қолданудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне медициналық құрал-жабдықтар мен препараттар шығаратын жаӊа кәсіпорынныӊ қызметі жөнінде мәлімделді.

***

Томотерапия және ядролық медицина орталығыныӊ арнаулы құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу үдерісі мен сапасын оӊтайландыруға және жетілдіруге, сондай-ақ алдағы уақытта өзге елдердегі онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге зор мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны