Система Orphus

Мемлекет басшысы "Тоталь" компаниясыныӊ президенті Патрик Пуяннені қабылдады

14.04.2015, 17:34 1961

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы "Тоталь" компаниясы елімізде 1993 жылдан бастап жұмыс істейтініне, ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып келе жатқанына тоқталды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Алдымызда зор міндеттер тұр, соныӊ бастыларыныӊ бірі Қашаған кенішін және компания жұмыс істейтін басқа да блоктарды игеру болып отыр. Қазақстанда "Тоталь" компаниясыныӊ қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс істейді, күн энергетикасы саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық дәстүрін жалғастыратын боламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Тоталь" компаниясыныӊ президенті шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аухалдыӊ сақталуыныӊ маӊыздылығын айта келіп, ынтымақтастық бұдан әрі дами береді деп үміттенетінін білдірді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны