12.05.2016, 20:58 5655

Мемлекет басшысы Тұӊғыш Президент - Елбасы қорыныӊ басшылығымен кездесті

Кездесу барысында Елбасыға Қордыӊ 2015 жылғы және биылғы 5 айдағы қызметініӊ қорытындылары туралы, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан, жоспарланып отырған жобалар жөнінде баяндалды

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Елбасыға Қордыӊ 2015 жылғы және биылғы 5 айдағы қызметініӊ қорытындылары туралы, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан, жоспарланып отырған жобалар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қордыӊ өз қызметінде жаӊа сапалы деӊгейге көтерілуі қажет екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Қор жұмысыныӊ негізгі бағыты - ғылыми бағыт. Зерттеушілік бағыттыӊ, соныӊ ішінде әлемдік сарапшылармен саясат, экономика, халықаралық қатынас және қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-қимылдыӊ маӊызы зор, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қор жүргізетін ғылыми зерттеулер аясында елді дамытудыӊ өзекті мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеудіӊ де өзектілігін атап өтті.

Елбасы Қор азаматтардыӊ әлеуметтік мәселелерін шешуге қатыса отырып, өз жобалары арқылы халықты барынша молынан қамтуы тиістігіне назар аударды. Бұл ретте мәдениет, өнер және әдебиет саласындағы бастамалар биыл Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы аясында жүзеге асырылуы қажет.

Қордыӊ атқарушы директоры С.Нұраханов есепті кезеӊде ғылыми-шығармашыл жастарды қолдау, әлеуметтік бағдары бар жобалар мен қайырымдылықты жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық қызмет сияқты бағыттар бойынша 67 іс-шара өткізілгенін айтты.

Өткен жылы Қор жас буын үшін сыйлықтар, стипендиялар мен гранттар тағайындау жөніндегі дәстүрге айналған конкурстық бағдарламаларды іске асырды. Жұртшылықтыӊ жоғары бағасын алған жаӊа табысты жобалар қатарында "Алтын тобылғы" әдеби сыйлығы бар. Сонымен қатар, "Астана клубы" сарапшылық ұйымы жұмысын жалғастыруда.

Қор жанындағы әлемдік экономика және саясат институтыныӊ директоры С.Икімбеков халықаралық талдау орталығын үздік халықаралық стандарттарға сай дамыту жөніндегі міндеттіӊ жүзеге асырылуына тоқталды. Институт өз қызметі аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде зерттеулер жасап, баяндама дайындайды.

***

Биыл XII рет өткен, "Бүгінгі бақытты балалық - ертеӊгі қуатты Қазақстан" деген тақырыпқа арналған жыл сайынғы "Илеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеӊкесі" аясында ел өӊірлерінен 16 үкіметтік емес ұйым Қордан қаржылық қолдау алды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 71 жылдығына орай ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ қаржылық қолдауымен Кеӊес Одағыныӊ батырларыныӊ, қазақстандықтардыӊ ерліктері туралы баяндайтын "Жеӊістіӊ жалыны" атты үш томдық жинақ қайта басылып шықты.

Жыл басында жас шығармашыл қызметкерлердіӊ мәдениет пен өнер саласындағы, сондай-ақ жас ғалымдардыӊ ғылым және техника саласындағы жетістіктерін қолдау және бағалау аясындағы Қордыӊ сыйлығыныӊ 21 лауреатын марапаттау рәсімі болып өтті.

Қор Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету ісіне атсалысу мақсатымен мамыр айыныӊ басында Нью-Йорк штатында концерт және фотокөрме ұйымдастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны