22.02.2007, 11:32 2885

Мемлекет басшысы тұрғын үйді заңсыз таратуға қатысы бар шенеуніктерді қызметтен босатуға тапсырма берді

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қауіпсіздік кеңесінің кезекті мәжілісінде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйді заңсыз таратуға қатысы бар шенеуніктерді қызметтен босатуға тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Хабар" телеарнасы таратқан президенттің сөзіне сілтеме жасап.

Президент мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйді тарату саласында барлық жерлерде белең алған заң бұзушылықтар туралы республиканың бас прокурорының баяндамасын тыңдағаннан кейін осындай тапсырма берді.

"Біз әлеуметтік баспана құрылысын дамыту бағдарламасын шындығында мұқтаж жандар үшін дамытып жатырмыз. Мұқтаж мүгедектер, табысы төмендер, көп балалы отбасылар үшін. Ал олардың есебінен кім қарық болып жатыр? Бұларды кім қадағалап отыр? Мұндай заң бұзушылықтарға жол бермейтін қала мен облыс әкімдері қайда қарап жүр? Бұл оқиғалар облыстардың өзінде неге жария етілмейді?",-деп баса айтты Елбасы.

"Ир адамға , әр облыста пәтерлердің кері қайтарылып, дұрыс қожайынның қолына өтуіне бақылау жасалсын. Осындай қитұрқылықтарға қатысы бар барлық шенеуніктерді және тек оларды ғана емес, оларды жұмысқа таңдап қойған бастықтарды тез арада қызметтен босату керек. Мұндай әмпей-жәмпейлі тікелей байланыссыз осындай қадамдарға жол берілмес еді",- деді Н.Назарбаев. "Осы жөнінде кеңестің келесі отырысында маған есеп беріңдер",- деді президент.

Сонымен бірге Н.Назарбаев бас прокуратураға беті ашылған барлық заң бұзушылықтарды баспасөзде жариялауда тапсырды. "Еліміз өз "ерлерін" білетін болсын",- деді президент.

Бас прокурор Рашид Түсіпбековтың мәліметіне сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында заңнаманы өрескел бұзу оқиғалары Оралда, Павлодар мен Алматыда, сондай-ақ, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында тіркелген.

Мәселен, Оралда кедей тұрғындарға арналған баспана мемлекеттік мекемелердің 72 қызметкеріне берілген. Павлодарда 53 пәтер баспана алуға басым құқығы бар азаматтарға жатпайтын "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның қызметкерлеріне бұйырған. Ал баспана алуда басым құқыққа ие 80 азаматқа баспана беруден негізсіз бас тартылған.

Р. Түсіпбековтың айтуынша, Алматыда ипотекалық тұрғын үйді заңсыз алуға қатысты 150 дерек белгілі болды. 85 адам білім беру, 22 адам денсаулық сақтау саласының қызметкерлері ретінде, ал 43 азамат өзге мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері деген жалған құжаттармен пәтерге ие болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны