06.06.2014, 23:23 3486

Мемлекет басшысы Түркі кеңесінің саммитіне қатысты

"Алты тәуелсіз елдің ЖІӨ жалпы көлемі 1 триллион 200 миллиард доллардан асады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өзге 5 елмен арадағы үлесі 6 пайызды құрайды. Сол себепті біз жалпы экономикалық әлеуетімізді арттыруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Изірбайжан Республикасы Президенті Илхам Илиев, Қырғыз Республикасы Президенті Алмасбек Атамбаев, Түркия Республикасы Президенті Абдулла Гүл, Түрікменстан Президенті Гурбаганұлы Бердімұхамедовтың қатысып жатқан түркі тілді халықтар саммитінің басты тақырыбы туризм саласын дамытуға арналды.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемін дамытуға серпін беретін төрт бағытты айрықша атап көрсетті. Ол Қазақстанның тұңғыш Президенті ретінде түркі елдерінің экономикалық әлеуетіне тоқталды.

"Алты тәуелсіз елдің ЖІӨ жалпы көлемі 1 триллион 200 миллиард доллардан асады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өзге 5 елмен арадағы үлесі 6 пайызды құрайды. Сол себепті біз жалпы экономикалық әлеуетімізді арттыруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті түркі елдеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынатын транспорттық мүмкіндіктерді де оңтайлы пайдалану қажеттілігін алға тартты.

"Қазақстанда "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автодәлізі құрылысы аяқталуға жақын. Биылғы жылдың соңында Парсы шығанағына шығатын Иран мен Түрікменстан бағытындағы темір жол құрылысы да аяқталмақ. Келер жылы біздің аймағымызбен өтетін Қытай мен Каспий теңізін жалғайтын темір жол құрылысы тәмамдалады. Сонымен қатар, біз Ақтау портының да қуатын арттырамыз. Осы орайда Ақтау, Баку мен Самсун порттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту қажет", - дейді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жаңа мүмкіндіктер Еуразиялық экономикалық одақты құруға жол ашып отыр. Соның арқасында түркі елдерінің іскерлік орталары Қазақстанда кәсіпкерлік аша отырып 170 млн-дық нарыққа қол жеткізеді.

Қазақстан Президенті түркі елдерінің туристтерді тартуға көңіл аударуы елдің әлеуметтік жағдайына оң ықпал ететінін айтты.

Мемлекет басшысы Ұлы Жібек жолының брендін пайдалана отырып және бірлескен өнім шығарып түркі әлеміндегі туризмді дамытуды ұсынды.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Түркі кеңесінің келесі саммитінің тақырыбына қатысты өз ұсынысын жеткізді. Ол мүше мемлекеттердегі ақпараттық кеңістік пен бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны