13.04.2016, 18:48 4078

Мемлекет басшысы Түркия Республикасыныӊ Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Ердоған кездесуде Түркия Президентініӊ Қазақстанға былтыр сәуірдегі сапарында қол жеткен уағдаластықтардыӊ жүзеге асырылу барысын қарастырды

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Ердоған кездесуде Түркия Президентініӊ Қазақстанға былтыр сәуірдегі сапарында қол жеткен уағдаластықтардыӊ жүзеге асырылу барысын қарастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ екі ел көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл бағыттарда бірлескен перспективалы жобалар бар екені, оларды жүзеге асыруға екі елдіӊ шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алатыны айтылды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен терроризмге және экстремизмге қарсы күрес аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті биыл наурыз айында Анкарада болған террорлық актіге байланысты Р.Ердоғанға тағы да көӊіл айтты.

Екіжақты қарым-қатынас мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы Түркияныӊ жетекші компаниялары мен холдингтерініӊ мемлекетіміз тарапынан елеулі қаражат бөлініп отырған индустриялық-инновациялық даму және "Нұрлы жол" бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатыса алатынына назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тауар айналымын, соныӊ ішінде Түркиямен арадағы тауар айналымы көлемін арттыру үшін еліміздіӊ алдынан зор мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Қазақстан Президенті біздіӊ республикамыздыӊ транзиттік-көліктік әлеуеті жоғары екенін, оны екі ел экономикасыныӊ игілігіне тиімді пайдалануға болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Антальяда "ЭКСПО-2016" және Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу тұрғысынан Қазақстан мен Түркияныӊ тәжірибе алмасуы маӊызды екеніне назар аударды.

Р.Ердоған бірқатар бағыттар бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны