03.12.2007, 18:34 2856

Мемлекет басшысы Иділет министрлігінің алдын заң шығару жұмыстарының сапасын көтеру мақсатын қойды

Мемлекет басшысы Иділет министрлігінің алдын заң шығару жұмыстарының сапасын көтеру мақсатын қойды

Астана. 3 -желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Иділет министрлігінің алдын заң шығару жұмыстарының сапасын көтеру мақсатын қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған әділет министрі Зағипа Балиева министрліктің "бір терезе" қағидасы бойынша жұмыс істейтін Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру жөніндегі жұмыстары туралы есеп берді.

Ал Астана қаласының әкімі Асқар Мамин президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.

Астананы көшіргеннен бергі 10 жыл ішінде негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 20 есеге ұлғайды. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 25 пайызға артып, 3,5 миллиард долларды құрамақ. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен он жылда 15 есеге артты. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да индикаторлары бойынша көрсеткіштер осы деңгейде өсіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны