24.07.2007, 15:21 2646

Мемлекет басшысы үкімет пен президент әкімшілігіне мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруді тапсырды - ҚР премьер-министрі

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы үкімет пен президент әкімшілігіне мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруді тапсырды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз кеше вице-премьер Аслан Мусинмен, президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбековпен және оның орынбасары Владимир Школьникпен бірге мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруге тапсырма алдық", - деді К. Мәсімов.

"Сол себепті мен вице-премьерге мемлекеттік холдингтердің алдына қойылған функциялық міндеттеріне сәйкес тексеретін топ құруды тапсырдым. Сонымен біруақытта мен 7-тамызда өтетін үкіметтің отырысында олардың есептерін тыңдағым келеді", - деді премьер.

Ол 7-тамызда өтетін үкіметтің отырысында жарты жылдың қорытындысы шығарылатынын еске салды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны