09.09.2016, 11:03 7056

Мемлекет басшысы Үкіметке бірыӊғай "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі. Отырыс барысында елдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, сондай-ақ экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Отырыс барысында елдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, сондай-ақ экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

Елбасы жиналғандарға арнаған сөзінде бүгін мемлекет алдында тұрған негізгі міндет - тұрғындардыӊ өмір деӊгейін арттыру екенін атап өтті.

"Күрделі жағдайларға қарамастан, біз 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап бюджеттік қызметкердіӊ орташа жалақысын 30%-ға, стипендиялар мен жәрдемақыларды - 25%-ға арттырып, зейнетақыны 9%-ға индексацияладық. 673 мыӊ адамға мүгедектігі және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақылар көлемін 25%-ға арттырдық", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа шынайылық қосымша нақты шаралар қабылдауды талап ететін айтты.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы алдағы кезеӊге келесі бағыттар жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды.

Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмысбастылықпен қамту

Қазақстан Президенті Үкіметтіӊ басты жұмыс бағытыныӊ бірі болып жаппай кәсіпкерлік мәселелері табылатынын атап өтіп, тиісті бағдарламаларды одан әрі дамытуды жүзеге асыруды және қолдау құралдарын жетілдіруді тапсырды.

"Үкімет бүгінде шағын несие беру аясын одан әрі кеӊейту жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындардыӊ 60%-ы ауылда тұрады. Осыған байланысты, "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында біз 5 өӊірде пилоттық режімде "Ауылдағы жұмысбастылық" жаӊа жобасын іске асыруды бастадық. Оған 10 миллиард теӊге бөлінді. Бұл жұмысты жүргізу барысында кооперацияларды дамыту ісіне айрықша көӊіл бөлу қажет. Тиісті "Кооперациялар туралы" Заӊ қабылданды. Енді жер-жерлерде үлкен ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстары күтіп тұр. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, елді-мекендерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және қайта өӊдеуді қамтамасыз ететін кооперативтер ұйымдастыру жөніндегі шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы "Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім беру" жобасы аясында жұмысты жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Үкіметке және әкімдерге еӊбек мобильділігін қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен жұмыскерлердіӊ бірін-бірі табуға ықпал ету жөніндегі жұмыстарды бақылауды ұстауды тапсырды.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлер қызметі мен мемлекет-жекеменшік серіктестігініӊ тетіктерін белсенді қолдану үшін шекараны кеӊейтудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Бүгінде барлық жағдайлар жасалып, құқықтық алаӊ қалыптасты. Қазірдіӊ өзінде жағымды мысалдар бар. Мектепке дейінгі білім беруде мемлекет бизнеспен бірлесіп мемлекеттік тапсырыс жеке мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне орналастыру арқылы тиімді жұмыс жасай бастады. Бұл жағдайда бизнес өзініӊ инвестициясын құрылысқа салады", - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы министрліктер мен ведомстволардыӊ ведомствоға бағынысты ұйымдарына оларды бәсекелік ортаға немесе жергілікті деӊгейге беру мақсатымен қайта инвентаризация өткізу қажеттігін атап өтті.

Экономиканы әртараптандыру

Нұрсұлтан Назарбаев жыл соӊында мемлекеттік қазынаныӊ 830 миллиард теӊге қосымша кіріске толығуы күтіліп отырғанын айтты. Бұл биылдыӊ өзінде дағдарысқа қарсы жоспардан шығуға және стратегиялық даму міндеттерін орындау үшін қазіргі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қазақстан Президенті негізгі үш міндетке тоқталды.

Агроөнеркәсіп кешені

Мемлекет басшысы "Агробизнес 2020" бағдарламасыныӊ аясында жыл соӊына дейін АӨК дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

"Бағдарламаныӊ басымдықтары болып нарыққа неғұрлым қажетті өнім түрлеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ көлемін ұлғайту және әртараптандыру, өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, ауыл шаруашылығы өндірушілер үшін бірінші кезекте ұзақ мерзімді қол жетімді несиелендіру, қызмет көрсету-дайындау кооперативтерін, бастапқы қайта өӊдеудіӊ, өнімді сақтау мен өткізудіӊ инфрақұрылымын құру, сондай-ақ суармалы жердіӊ айналымын енгізу табылуы тиіс. Алдағы бес жыл ішінде кемінде 600 мыӊ гектар суармалы жерді айналымға енгізу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға қатаӊ бақылау жүргізуі тиіс. Бұл жерлерді апатты жағдайдағы су қоймаларын жөндеу және жаӊасын салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау жүйесін жетілдіру, тиімсіз субсидиялауды доғару және өнімділікті арттыруға назар аудару қажеттігін атап өтті.

Елбасы ветеринарлық қауіпсіздік мәселелерін қозғай отырып, Үкіметке биыл АӨК-ні қолдауға қажетті қосымша 97 миллиард теӊге қаражат бөлуді тапсырды.

" Биыл сібір қараталағы бірнеше өӊірде орын алып, адамдар да өлді. Біз ауруды емдеуге қаражатты көбейтудіӊ орнына, оны түбегейлі жоюымыз қажет. Икімдер ветеринарлық қауіпсіздікті сақтауға жеке жауапты болады. Бұл мәселелер 2014 жылдан бастап жергілікті биліктіӊ құзыретіне жатады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Экспорттық әлеуетті индустрияландырудыӊ жаӊа кезеӊі есебінен әртараптандыру

Қазақстан Президенті барлық экономика мен экспорттыӊ әртараптануы оныӊ тұрақтылығыныӊ кепілі болатынын, нәтижесінде Үкімет пен әкімдер экспортты ынталандыру және дамытуға бағытталуы тиіс екенін айтты.

"Біз индустриялық бағдарламаныӊ екінші бесжылдығына көштік. Таӊдалатын жобалардыӊ сапасын арттыру өте маӊызды. Жаӊа бесжылдықта шикізаттық емес экспорттық өнімге бағыт алу қажет екенін басып айтамын. Экспорттық әлеует, жоғары өнімділік, жаӊашылдық таӊдалатын жобалардыӊ негізгі өлшемдері болуы тиіс. Үкіметке бұл бағдарламаны қолдауға қажетті қосымша 112 миллиард теӊге көлемінде қаражат бөлуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы әртараптандырудыӊ маӊызды бағыты болып Қытаймен "Жібек жолыныӊ экономикалық белбеуі" бастамасыныӊ аясындағы келісімді іске асыру табылатынын атап өтті.

" Қазақстан мен Қытайдыӊ 51 жобасынан тұратын тізім құрылды. Бұл жобалар осы кезеӊде айрықша өзекті болып саналатын қосымша құн мен жаӊа жұмыс орындары түріндегі жақсы экономикалық әсер береді. Үкімет "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" бастамасыныӊ аясында белгіленген жобалардыӊ уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс", - деді Қазақстан Президенті.

Көлік инфрақұрылымын дамыту

Мемлекет басшысы "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы бүгінде көлік инфрақұрылымын дамыту мен экономиканы қолдаудыӊ басты құралы болып отырғанына назар аударды.

" Көлік әлеуетін дамыту мен өӊірлік көлік-логистика хабын құру жөнінде міндеттер тұр. Азия-Еуропа бағытындағы контейнерлік көлік тасымалыныӊ көлемі қарқынды өсуде. Биылғы жеті айдыӊ ішінде ғана ол былтырғы осы кезеӊмен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Бұл жұмысты биыл жалғастырып, жыл соӊына дейін "Алматы-Шу" темір жолы желісініӊ алғашқы іске қосылатын кешенін, Құрық портындағы паром кешенін іске қосуды, 920 шақырым қашықтықтағы автомобиль жолыныӊ құрылысы мен қайта құруды аяқтау қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі басталған жобалардыӊ іске асырылуын жеделдетуге биыл қосымша 74 миллиард теӊге бөлуді тапсырды.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банкке алдағы уақытта бірінші кезекте іске асырылуға тиіс бірқатар міндеттер қойды. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан алынатын трансферттерді қатаӊ регламентеуді тапсырды.

"Тағы бір мәселе - бюджетаралық қатынастар. Соӊғы 10 жылда республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен қаржыландыру көлемі едәуір артып, қаржыландырылатын салалар да айтарлықтай көбейді. Оныӊ мөлшері 2016 жылы жергілікті бюджеттерден түсетін қаражаттыӊ 36%-ына жетті. Жергілікті маӊызы бар жобаларды республикалық бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтату қажет. Бұл мәселені әкімдіктер өздері дербес шешуге тиіс. Үкіметке бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде келісілген ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2016 және 2017 жылдары инфляция деӊгейін 6-8%-ке дейін төмендету макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті маӊызды шарт екенін атап өтті.

" Еркін айырбас бағамына көшу арқылы біз өнім өндірушілеріміздіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол жеткіздік. Өӊдеу өнеркәсіптеріндегі өсім қарқыны қалпына келе бастады. Бірақ теӊге бағамына түзету енгізу инфляциялық үдерістердіӊ белеӊ алуына әкеп соқтырды. Бізге инфляция деӊгейін биылғы жылдыӊ соӊына шейін бір таӊбалы санға дейін төмендетуге қол жеткізу маӊызды. Халықтыӊ әлеуметтік бақуаттылығы үшін бұл аса қажет. Сондықтан бағаныӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мен тиісті шаралар қабылдап, табиғи монополиялар қызметініӊ тарифтерініӊ өсуіне биыл жол бермеуді тапсырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті валюта нарығындағы ахуалдыӊ тұрақталуы қазірдіӊ өзінде оӊ нәтиже бере бастағанын айтты.

"Долларсыздану үдерісі басталды. Теӊгемен салынған депозиттер өсіп келеді, бұл банк қорын толықтырудыӊ теӊгелік базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Теӊгемен салынған депозиттер үлесі 2016 жылдыӊ басындағы 31%-дан 1 тамыздағы 41%-ға дейін артты. Соған орай несие беру мөлшері қайтадан көбейе түсуде. Биылғы жеті айда шағын бизнеске берілген несие портфелі 2,1 триллион теӊгеден 2,8 триллион теӊгеге дейін ұлғайды, өсім 740 миллиард теӊге немесе 36% болды. Дегенмен, қарқынды экономикалық даму үшін бұл жеткіліксіз", - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке Үкіметпен бірге ұзақ мерзімді несиелік белсенділікті қалпына келтірудіӊ қосымша шараларын қабылдауды тапсырды.

Қазақстан Президенті экономикаға инвестиция тартудыӊ елеулі жолыныӊ бірі халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат алу екенін айтты.

"Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама 2014 жылы мақұлданған болатын. Сол себепті, осы бағдарлама бойынша халықаралық қаржы ұйымдары, оныӊ қатарында Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ 5 жылда Қазақстанға 7 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Үкімет пен әкімдер осы бағдарламаныӊ аясын кеӊейту және экономикаға қосымша қаражат тарту мүмкіндігін қарастыруы қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй мәселесіне арнайы тоқталды.

"Тұрғын үй құрылысын дамытуға біз зор көӊіл бөліп отырмыз. Былтырдыӊ өзінде республикада 9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл - еліміз үшін рекордтық көрсеткіш. Тұрғын үй құрылысыныӊ көлемі 2016 жыл қорытындысында 10 миллион шаршы метрден асады деп болжануда. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін орындау үшін 2005 жылдан бері тиісті мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, көпшіліктіӊ тұрғын үйге мұқтаждығы әлі де айтарлықтай жоғары. Жұртты тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін орындау ісі кешенді жаӊа шараларды талап етеді", - деді Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке бірыӊғай "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуді, оған қазіргі қолданыстағы бағдарламалардыӊ барлық мәселесін кіріктіруді тапсырды.

"Жаӊа бағдарламада мына мәселелерді ескеру керек. Тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырғаннан гөрі жекеменшік құрылысшыларды ынталандыру ісіне баса ден қойған жөн. Олардыӊ тұрғын үй салу кезіндегі шығындарын азайтып, мемлекет өз ресурстарын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар әзірлеуге жұмылдыруы керек. Бұл бюджеттен қаржыландырудыӊ үлесін азайтып, жеке инвестицияны көбірек тартуға мүмкіндік тудырады. Сондай-ақ төлем қабілеті бар тұрғындар тарапынан сұранысты жандандыру керек. Коммерциялық банктердіӊ ипотекалық несие беруін жандандырып, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қоса өзге де арзандату бағытындағы шараларды ойластыру қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бағдарламаныӊ тағы бір компоненті тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын жалғастыру болуы тиістігін атап өтті.

"Бұл ретте несиелік тұрғын үй құрылысын бюджеттен тыс қаржыландыру жүйесіне көшіру керек, ал бюджеттен займдық ресурстар құнын төмендету үшін субсидиялау түрінде ғана қолдау көрсеткен жөн. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту қажет. Бұл міндеттіӊ орындалуы мемлекеттіӊ бөлінетін жерлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мүмкіндігімен тікелей байланысты. Сондықтан Үкімет мұндай инфрақұрылым қалыптастыруға жұмсалған қаражаттыӊ қайтарылу механизмін ойластыруы тиіс. Бұл оны қайтарымды негізде ұдайы қайтадан пайдалануға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге қолда бар жер қорына талдау жүргізіп, бас жоспарларды тиісінше өзгерту жөнінде ұсыныс беру міндетін қойды.

" Сонымен қатар, әкімдерге мемлекет мұқтажы, соныӊ ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер сатып алуға қосымша құқы бер керек. Көлікке қатысты шешімдерді, қандай әлеуметтік инфрақұрылым қажеттігін алдын ала ойластыру қажет. Бұл бағдарламаныӊ елеулі әлеуметтік әсері болатынына сенімдімін. Жаӊа жұмыс орындарына қоса, миллиондаған қазақстандықтар тұрмыс жағдайларын айтарлықтай жақсарта алады. Жаӊа бағдарламаныӊ маӊызды әлеуметтік мәнін ескере отырып, Үкіметке "Нұр Отан"партиясымен бірлесіп, оны халықпен, жұртшылықпен және бизнес өкілдерімен бірге егжей-тегжейлі талқылауды тапсырамын", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы отырысты қорытындылай келіп, айтылған міндеттерді орындау үшін Үкіметке биылғы республикалық бюджетті нақтылау жұмысын жүргізуді тапсырды.

" Басымдығы бар жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға қосымша 380 миллиард теӊге, оныӊ 280 миллиард теӊгесін мен бүгін айтқан шаралар іске асыруға, ал 100 миллиард теӊгесін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Астанадағы білім беру және инфрақұрылым нысандары құрылысына бағытталған және өзге де шығыстарға бөлу қажет. Ұлттық қордыӊ қаражатын сақтап, одан әрі жинақтау мақсатымен 2016 жылы кепілдендірілген трансферт көлемін 400 миллиард теӊгеге қысқартуды, сондай-ақ мақсатты трансфертті 50 миллиард теӊгеге азайтуды тапсырамын. Үкімет меніӊ тапсырмаларымды жүзеге асыру үшін 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында алдағы үшжылдық кезеӊніӊ шығыстарын қарастыруы қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында Премьер-Министрдіӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, бірқатар облыстардыӊ әкімдері, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Ө.Шөкеев, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы С.Мыӊбаев, баяндама жасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны