12.03.2008, 19:46 2933

Мемлекет басшысы үкіметтің және президент әкімшілігінің басшылығымен жұмыс бабындағы кеңес өткізді

Мемлекет басшысы үкіметтің және президент әкімшілігінің басшылығымен жұмыс бабындағы кеңес өткізді

Астана. 12 наурыз "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін үкіметтің және президент әкімшілігінің басшылығымен жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесте экономикадағы қазіргі ахуал мен жекелеген салаларды дамыту перспективасы талқыланды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, әлеуметтік саланы дамыту, мемлекеттік қызметті және экономикалық жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.

Кеңесті ашқан президент Қазақстанда 29 мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын атап өтті.

"Ир бағдарламаның жүзеге асуына нақты басшы жауап беруі тиіс. Мен келесі айдан бастап басымды болып табылатын 7 мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын тыңдамақпын. Қазіргі уақытта жаңа бағдарлама қабылдаудың қажеттілігі жоқ, бұған дейін қабылданған бағдарламаларды іске асыруға ден қою қажет", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы үкіметке және президент әкімшілігіне 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны