05.09.2006, 13:54 3047

Мемлекет басшысы Украина мен мен Израиль елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Украинаның Қазақстандағы елшісі Николай Селивон мен Израиль елшісі Ишай Ранның сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап көрсеткен Н.Селивон: "Украинаның Қазақстандағы елшісі ретіндегі менің міндетім біздің мемлекеттеріміздің экономика, сауда-саттық, саясат, білім, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығын жан-жақты нығайту және дамыту деп санаймын", - деп атап көрсетті Қазақстан президентімен болған кездесуден кейінгі брифингте.

Украина елшісінің айтуынша, былтыр екі елдің арасындағы сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларын құраған. "Биылғы жылы осынау көрсеткіштің 1,5 миллиард долларға жетуіне алғышарттар бар", - деп атап көрсетті Н.Селивон өз сөзінде.

Израиль елшісі И.Ран да Қазақстан-Израиль қатынастарының одан әрі дамуына үміт білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны