02.07.2009, 09:28 1121

Мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер басшылары ІІІ съезінің жұмысына қатысып жатқан конфессиялар жетекшілерімен кездесулер өткізді

Мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер басшылары ІІІ съезінің жұмысына қатысып жатқан конфессиялар жетекшілерімен кездесулер өткізді

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер басшылары ІІІ съезінің жұмысына қатысып жатқан конфессиялар жетекшілерімен және саяси қайраткерлермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Ил-Азхардың Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммад Саид Тантауи және Египеттің вакуф министрі Махмұд Хамди Закзук Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Египет президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың және барлық мысыр халқының ыстық сәлемін жеткізді.

Шейх Қазақстан басшысына ІІІ Съезге қатысуға шақырғаны үшін алғысын жеткізді және Астанадағы конфессияаралық үнқатысу бейбітшілікті, қауіпсіздікті насихаттауға және бүкіл адамзат қоғамының өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді.

Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла бен Мұхаммад Ил аш-Шейх Нұрсұлтан Назарбаевқа Сауд Арабиясы Королінің ыстық ықыласын және оның екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға деген ниетін жеткізді.

Абдалла бен Мұхаммад Ил аш-Шейх Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылып отырған Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әртүрлі діндер арасындағы өзара түсіністікті кеңінен таратуға жол ашатынын атап өтті.

Қазақстан президентімен кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның халықаралық қоғамдастық үшін маңызды әрі қажетті діни форумды өткізу бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

"Бастаманың мақсаты - адамдар арасындағы, сондай-ақ діндер арасындағы және түпкі нәтижесінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту. Мен әлемдік дін жетекшілерінің калай тіл табысып жатқанын көрдім. Бұл өте маңызды, өйткені дін ұстаушылар өз басшыларының айтқандарына құлақ асады", - деп атап көрсетті С.Орджоникидзе.

Норвегияның бұрынғы премьер-министрі, Бейбітшілік пен адам құқықтары үшін орталығының басшысы Кьелл Бондевик Орталықтың дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуға мүдделі екендігін мәлімдеді. Астаналық Съездің мақсаты сияқты ол да қайшылықтарды жою және әртүрлі діндерді жақындастыруды мақсат тұтады.

"Біз сондай-ақ Сіздердің ядролық қаруды таратпау жөніндегі қағидаларыңызға ортақтасамыз. Бұл істе Қазақстан бүкіл әлем үшін жарқын үлгі көрсетіп отыр", - деп атап өтті К.Бондевик.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Израильдің Бас сефардтық раввині Шлома Амарды қабылдады.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі буында өте сирек кездесетін тұлға болып табылады. Ол көптеген оң қасиеттерді бойына сыйғызған, бұл - үлкен даралық. Оның қызметі Қазақстанның әлемдік тарихқа кіруіне мүмкіндік туғызуда. Өз президентін мақтан тұтатын халықтар көп емес, мен қазақстандықтарға шын жүрегімнен қызығамын", - деп мәлімдеді Израильдің Бас сефардтық раввині журналистерге арналған брифингте.

Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесінің президенті Жан-Луи Торан Қазақстан әртүрлі ұлттардың, мәдениеттер мен діндердің өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан үйлесімді ел екендігін атап өтті.

"Қазақстан өзгешеліктердің қайшылықтарға себеп қана емес, мәдениеттердің, дәстүрлер мен діндердің өзара байытылуына қызмет ете алатынын айқын көрсетіп отыр", - деді Жан-Луи Торан.

Қытайдың даосистері қауымдастығының төрағасы Жэнь Фажун Съезде әлемнің әртүрлі діндер өкілдері жүргізіп жатқан диалогқа қанағаттанғандық сезім білдірді.

"Съезді өткізудің бейбітшілікті сақтауда маңызы зор. Бұл жұмысты жүргізуде Қазақстан Президенті зор еңбек атқарды және де біздің халықтарымыздың үлкен құрметіне ие болды", - деді Жэнь Фажун.

Сонымен қатар президент Израильдің Бас Ашкеназий раввині Йона Мецгерді қабылдады.

"Қазақстан президенті Израиль мен араб елдері арасындағы бейбітшілік көпірінің нағыз жасампазы. Ол ұлы көшбасшыларға тән даналық, ақыл-парасат сияқты жоғары қасиеттерге ие. Бірінші съезде Нұрсұлтан Назарбаевтың бір қолымен иран өкілінің, екінші қолымен менің алақанымды қысып ұстап, үш қолды біріктіргенін ешқашан ұмытпаймын. Сол кезде бүкіл зал орындарынан тұрып қол соққан болатын", - деді Йона Мецгер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны