01.07.2009, 17:58 2372

Мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне қатысушылармен кездесулер өткізді

Мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне қатысушылармен кездесулер өткізді

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бейбітшілік және келісім сарайында бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне қатысушылармен кездесулер өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Буддистердің дүниежүзілік федерациясының вице-президенті Хамба лама Чойжилжавын Дамбажав Нұрсұлтан Назарбаевқа съезд жұмысына қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты және діни форум жаһандық конфессияаралық диалогтың дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Иран президентінің кеңесшісі, Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының президенті Мехди Мустафави Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезін өткізудің маңызын және оның елдер арасындағы байланыстарды кеңейту мен ұлтаралық келісімді нығайту ісіндегі ерекше рөлін атап өтті. Иңгіме барысында Қазақстан мен Иранның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны