10.02.2016, 15:19 3216

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

Д.Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторыныӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Д.Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторыныӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі жұмысты жалғастырудыӊ маӊыздылығына тоқталып өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Елбасы шағын және орта бизнес субьектілеріне, сондай-ақ баспана құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де назар аударды.

Д.Ақышев экономиканыӊ нақты секторын қаржыландыру шаралары елдіӊ даму қарқынына оӊ әсерін тигізуі қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны