17.09.2012, 16:30 2912

Мемлекет басшысы Ұлттық банкінің төрағасына зейнетақы жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ұсынысты әзірлеуді тапсырды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Г.Марченко Қазақстан Президентіне еліміздің қаржы саласындағы, атап айтқанда, банктік сектор мен валюта нарығындағы жағдай туралы баяндады.

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Г.Марченко Қазақстан Президентіне еліміздің қаржы саласындағы, атап айтқанда, банктік сектор мен валюта нарығындағы жағдай туралы баяндады.

"Валюта нарығындағы және банктік сектордағы жағдай тұрақты күйінде қалып отыр. Бізде Ұлттық қор мен алтынвалюта активтерінің өсуі жалғасуда - бүгінде олардың жиынтық көлемі 85 миллиард долларды құрайды. Еліміздегі инфляция деңгейі айтарлықтай жоғары емес және 4,7 пайызды құрайды", - деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесін одан әрі реформалау және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында іске асырылатын жобаларды қаржыландыру кезінде қаржы институттарының қаражатын пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны