14.12.2016, 12:30 3591

Мемлекет басшысы Ұлттық банктіӊ төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

Кездесу барысында Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне 2016 жылғы 11 айдағы қаржы нарығыныӊ бүгінгі нәтижелері туралы баяндады,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы кеше Ұлттық банктіӊ төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесу барысында Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне 2016 жылғы 11 айдағы қаржы нарығыныӊ бүгінгі нәтижелері туралы баяндады,- деп хабарлайды Ақорда.

Ұлттық банк басшысы теӊге бағамыныӊ әлемдік негізгі валюталарға қатысты тұрақтанып келе жатқанын атап өтті.

- Ұлттық банк соӊғы айларда валюта саудасына қатысып отырған жоқ. Осылайша, айырбас бағамы Ұлттық банктіӊ араласуынсыз, өте еркін жағдайда қалыптасуда. Нарықта құнсыздану қатері азайды. Теӊге 3,4%-ға нығайды, негізінен бұл биылғы желтоқсанда мұнай бағасыныӊ көтерілуіне байланысты болып отыр, - деді Д.Ақышев.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы биылғы қараша айыныӊ қорытындысы бойынша инфляция көрсеткіші қайтадан бір таӊбалы санға оралып, 2016 жылғы 11 айда 7,5% болып отырғанын мәлімдеді.

Елбасы ұлттық валютаныӊ еркін айырбас бағамына көшуі былтыр оӊ нәтиже бергенін атап өтті.

- Теӊгеніӊ енгізілген еркін айырбас бағамы өзін-өзі ақтады. Айырбас бағамы әлемдік бағаға байланысты болғандықтан, бірқатар ауытқулар орын алуы мүмкін. Алайда, біз тиісті шаралар қабылдауға әзірміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы банк жүйесіндегі ахуалды одан әрі тұрақтандыруға қатысты және қаржы нарығындағы жұмыс жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны