20.02.2009, 18:22 3162

Мемлекет басшысы Ұлттық қордан бөлінген қаражатты пайдалану туралы алдын ала ақпаратты тыңдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлттық қордан бөлінген қаражатты пайдалану туралы алдын ала ақпаратты тыңдады.

"Қаржы секторын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша бөлінген ақша екінші деңгейлі банктерге түсті. Олардың пайдаланылуы ағымдағы режимде қадағаланатын болады. Егер бұл қаржыларды банктер, сондай-ақ заемшылар мақсатсыз пайдаланатын болса, тексеру шаралары жүргізіледі. Мемлекет басшысына жұмыс нәтижелері туралы ақпарат жүйелі баяндалып отырылады", - деді жұмыс тобының жетекшісі, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Елена Бахмутова журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны