01.09.2009, 13:01 1387

Мемлекет басшысы үш елдің Кедендік кодексі бойынша ратификациялау процедураларын одан әрі жалғастыруды тапсырды

Мемлекет басшысы үш елдің Кедендік кодексі бойынша ратификациялау процедураларын одан әрі жалғастыруды тапсырды

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үш елдің Кедендік кодексі бойынша ратификациялау процедураларын одан әрі жалғастыруды тапсырды. Бұл туралы Елбасы Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кедендік одағын құру жөніндегі келісім күшіне енетін сәттен бастап еліміздің экономикасы үшін ауқымды мүмкіндіктер ашылады. Бұл біздің еліміздің интеграциялық бастамаларының ішінен жүзеге асырыла бастайтын бір маңызды құрамды бөлігі ", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны