01.04.2015, 20:35 3823

Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады

Кездесу барысында тараптар екі елдіӊ өзара ықпалдастығыныӊ кеӊ ауқымдағы мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында тараптар екі елдіӊ өзара ықпалдастығыныӊ кеӊ ауқымдағы мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарыныӊ тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздіӊ тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас. Венгрия - біз үшін Еуропадағы маӊызды тірек саналатын ел, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуыныӊ үдемелі қарқынына назар аударды.

- Бұл біздіӊ бірінші кездесуіміз емес. Бұл байланыстар біздіӊ сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға ықыласты екенімізді көрсетеді. Біз Венгрияныӊ Еуропа одағы елдері арасынан алғашқылардыӊ бірі болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын жоғары бағалаймыз. Сіздіӊ сапарыӊыз нәтижелі болуы, ынтымақтастығымыздыӊ нақты бағыттары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілуі үшін біз қажетті күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, - деді Мемлекет басшысы.

В.Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақыру үшін ризашылық білдіріп, венгр халқыныӊ сәлемін жеткізді.

- Илемдегі күрделі ахуал жағдайында біз Сіздіӊ бұдан арғы ынтымақтастығымыздыӊ перспективалары жөніндегі пікіріӊізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуропалық одақта оныӊ біздіӊ ел сияқты сенімді досыныӊ бар екеніне сенуіне болады. Будапеште біз Астана көшесін ашқанымызды жеткізгім келеді. Біз саяси және мәдени байланыстарымыз тиісті деӊгейде деп санаймыз, оныӊ ар жағында Сіздіӊ қолдауыӊыздыӊ тұрғанын да сезініп отырмыз, - деді Венгрия Премьер-Министрі.

В.Орбан сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ президент сайлауына қатысу туралы шешімі Қазақстанныӊ болашақтағы тұрақтылығын да қамтамасыз етудіӊ кепілі екенін айтты. Осыған байланысты Венгрия Премьер-Министрі өз елініӊ атынан Мемлекет басшысына зор табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны