29.05.2015, 16:14 3827

Мемлекет басшысы Вьетнам Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларын қоса қамтитын бірқатар бағытта екі ел ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларын қоса қамтитын бірқатар бағытта екі ел ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ экономикалық және саяси байланыстарды дамытуға мүдделі екенін, ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер мен Вьетнамныӊ арасында қол қою жоспарланып отырған еркін сауда аймағы туралы келісім бұған септігін тигізуі тиістігін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Вьетнам Премьер-министрі ел үкіметі мен халқыныӊ атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқыныӊ президенттік сайлауда көрсеткен сенімімен құттықтады.

Тараптар түрлі саладағы ынтымақтастықтыӊ әлеуеті зор екенін айта келіп, оны әрі қарай өрістетудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны