17.06.2016, 21:12 6668

Мемлекет басшысы XX Петербург халықаралық экономикалық форумыныӊ пленарлық мәжілісіне қатысты

- Түрлі халықаралық құрылымдардыӊ бағалауынша, кедейлік пен қақтығыстардан қашқан босқындардыӊ жалпы саны 40 миллион мен 60 миллион адамға аралығында құбылып тұр, - деді Қазақстан Президенті.

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - "Жаӊа экономикалық ахуал қарсаӊында" деген тақырыппен өткен пленарлық мәжіліске Ресей Президенті В.Путин және Италия Премьер-Министрі Р.Ренци қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев шараға қатысушыларға арнаған сөзінде соӊғы жылдары әлем тоқтаусыз тербелген жаһандық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Илемдік экономиканыӊ өсімі жөніндегі байыпты болжамдардыӊ өзі көбінесе орындалмай жатады. Таяу жылдардағы жаһандық экономиканыӊ өсіміне қатысты сарапшылардыӊ бағасы үнемі төмендеп келеді. 2016 жылы дамушы нарықтан капиталдыӊ рекордтық мөлшерде - 450 миллиард долларға дейінгі жылыстайтыны болжанып отыр. Сонымен қатар экономиканы дамуытуға капитал құю оныӊ қосымша өсуіне кепіл бола алмайды. Шикізат бағасыныӊ құлдырауы барлық экспорттаушы елдердіӊ кірістерін айтарлықтай төмендетті. Алайда, импорттаушы елдерде дефляциялық қысым күшеюде. Кірістіӊ кіру барлық өндіруші компанияларда күрт азаюда. Барлығы ұтылған жағдай қалыптасты. Үкіметтер мен орталық банктерде экономикалық белсенділікті жандандыратын мүмкіндіктер азаюда. Азаматтардыӊ, оныӊ ішінде әлемніӊ дамыған елдеріндегі орта таптыӊ тұрмыс сапасыныӊ жаппай төмендеуініӊ қатері байқалады. Бұл үрдіс әлеуметтік шиеленістіӊ артуына себеп болуда. Бүгінде біз мұны әлем бойынша - батыста да, шығыста да, солтүстікте де, оӊтүстікте де байқап отырмыз, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті экономикалық және саяси ахуалдыӊ нашарлауы жағдайында әлем бақылаусыз сыртқы көші-қон проблемасына ұрынғанына назар аударды.

- Түрлі халықаралық құрылымдардыӊ бағалауынша, кедейлік пен қақтығыстардан қашқан босқындардыӊ жалпы саны 40 миллион мен 60 миллион адамға аралығында құбылып тұр, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қаржы институттарыныӊ жаһандық дағдарыстыӊ бастапқы кезеӊінен уақтылы сабақ алуға құлықты болмауы әлемдік экономика проблемаларыныӊ басты себептерініӊ бірі екенін атап өтті.

- Халықаралық қаржы жүйесін реформалау туралы әӊгімелер көп жағдайда тек сөз күйінде қалуда. Жарылған "қаржы көпіршіктерініӊ" орнына тоқтаусыз жаӊасын "үрлеуден" пайда табудыӊ соӊына түсу күшінде қалуда. Қазіргі кезде барлық бәлені интеграция мен жаһанданудан көру үрдісі қалыптасты. Шекараға биік дуалдар салуға шақырған үндеулер Барлық тұстан естілуде. Бірақ, егер әділеттілік тұрғысынан қарасақ, жаһандық экономика интеграцияныӊ молдығынан емес, керісінше оныӊ жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентініӊ айтуынша, көптеген мемлекетаралық қондырмалардыӊ бюрократталғаны соншалық, ұлттық экономикаларға кедергі келтіруде.

- Осы бюрократизм Еуропада да, Америкада да, Азияда да интеграцияға мүлде қарсылықты күшейте түсуде. Біздіӊ Еуразиялық экономикалық одақ еӊ жас мемлекетаралық бірлестік ретінде осы қатерді ескеру керек. Дезинтеграция және экономикалық оқшаулану ішкі проблемалардыӊ бірде- біреуін шешпейді. Бұл өзін-өзі алдау ғана болады. Еуразиялық экономикалық одақ тиімді және тұрақты Еуропалық Одақтыӊ болғанына мүдделі. Біріккен Еуропа үшін де біздіӊ интеграцияланған бірлестігімізбен сындарлы ынтымақтастық орнату тиімді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы қазіргі интеграциялық бірлестіктердіӊ кейбір нормалары оларға кіретін елдердіӊ экономикалық даму қарқынын тежей бастағанын айтты.

- Мұндай бірлестіктерге мүше елдердіӊ ұлттық экономикасыныӊ бір бөлігініӊ деиндустрияландырылуы және елдер арасындағы "еӊбек бөлінісініӊ" әрдайым әділетті бола бермеуі сол қалпы жалғасуда.

Жекелеген мемлекеттердіӊ қандайда бір интеграциялық бірлестікке кірмеген көршілерімен өзара тиімді экономикалық іс-қимылдарына келсек, арада өткел бермес кедергілер бой көтергені байқалады. Олардыӊ қатарына технология алмасуға тиым салу үрдісініӊ күшеюін жатқызуға болады. Кабинеттерде ойлап табылған небір біржақты стандарттар қолданылуда. Олар бюрократиялық қондырмалар тарапынан рұқсат етілмеген тікелей инвестицияларды шектеп отыр. Бұл - біздер үшін Еуразиялық экономикалық одақтыӊ дамуы барысында ескеру қажет тағы бір өмірлік маӊызы бар сабақ, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев төртінші индустриялық төӊкеріске тым таяп қалған әлемдік экономиканыӊ жоғары қарқыны интеграциялар интеграциясы туралы мәселе туындатып отырғаны жөнінде пікір білдірді.

- Бүкіл Үлкен Еуразияныӊ да, жалпы тұтас әлемніӊ де дамуына серпіліс беру жолында Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтыӊ экономикалық кеӊістіктерін ұштастыру зор әлеуетке ие. Мен осындай үдерістіӊ берік жақтаушысы болдым және солай болып қала берем, бұл мәселені еуропалық әріптестерімізбен кездесулерде үнемі көтеріп келемін.

Петербург экономикалық форумына Еуропаныӊ ірі компанияларыныӊ көптеген басшыларыныӊ және Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мырзаныӊ қатысуы ЕО мен ЕАЭО арасындағы тікелей диалогтыӊ басталуын жеделдетеді деп үміттенемін. Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұлы Жібек жолыныӊ Экономикалық белдеуі арасындағы экономикалық өсімніӊ ортақ бағыттарын қалыптастырудыӊ перспективалары ғаламат, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тағы бір маӊызды жоба ЕАЭО мен АСЕАН ұйымдары арасындағы өзара тығыз іс-қимыл екенін айта келіп, Ресейдіӊ бастамаларына қолдау білдірді.

- Интеграциялар интеграциясы әлемді кейбір елдердіӊ кіммен қауымдасып, ынтымақтасу керектігі жөнінде жалған таӊдауға ұрынғанындай қателікті қайталаудан құтқаратынына мен сенімдімін. Еӊ алдымен біздіӊ интеграциямыздыӊ өзара ықпалдастығына негіз болатын, баршаға бірдей қолайлы қағидаттарды қалыптастыру маӊызды деп санаймын. Меніӊше, саяси конъюнктураныӊ кез келген көрінісінен экономикалық прагматизмніӊ айқын басымдылығы маӊызды болуға тиіс.

Экономиканы саясаттыӊ, өӊірлік және жаһандық амбициялардыӊ "өгей баласына" айналдырғысы келетін ахуал қалыптастыру, меніӊше, ХХІ ғасырда табиғи заӊдылыққа қайшы. Бір-біріне қарсы санкциялар салу мысалынан біз бұған айқын көз жеткізіп отырмыз. Бұл жаһандық экономиканыӊ дамуын айтарлықтай қиындатады, олардыӊ заӊына бағынбайтындай көрінетін дамушы нарықтарға теріс әсерін тигізеді. Интеграциялар интеграциясынан мен әлемді сауда преференцияларыныӊ кейбір тар аймақтары арасында "сүйрету" әрекетініӊ нақты баламасын көріп отырмын. Бұл тұрғыдан алғанда, Дүниежүзілік сауда ұйымыныӊ рөлі мен маӊызын төмендету емес, керісінше арттыру маӊызды. Мұныӊ бәрі жаһандық сауданыӊ өсуі мен ғылыми-технологиялық алмасуға септігін тигізетін болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанныӊ экономикаға қатысты бастамалары жөнінде айта келіп, Мемлекет басшысы Ресейдіӊ және ТМД-ныӊ өзге елдерініӊ инвесторларын бүкіл өӊірдіӊ орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдайлар қалыптастыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысына қатысуға шақырды.

Соӊында Қазақстан Президенті форумға қатысушылардыӊ баршасына табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны