10.01.2007, 17:41 3022

Мемлекет басшысы жаңа үкіметтің алдына бірқатар мақсаттар қойды

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлі де құрамы толық жасақтала қоймаған жаңа үкіметтің алдына бірқатар мақсаттар қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осыдан бір жылға жетпейтін уақыт бұрын мен Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосу стратегиясын таныстырған едім. Бұл - бағындыратын үлкен биік. Сол себепті бізде бұл мақсатты жүзеге асырудың нақты стратегиясы болуға тиіс",- деді президент. "Икімшілік реформаның аясында үкімет мемлекеттік жоспарлаудың жаңаша әдістері мен тетіктерін қолданысқа енгізуге тиіс",- деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, бірінші кезекте "үкіметтік деңгейде сансыз салалық бағдарламаларды қабылдаудан бас тарту және жауапкершілікті тиісті мемлекеттік мекемелерге өткеріп беру керек". "Бюджеттік жоспарлау тиімділігін көтеру қажет",- деді ол.

"Қазірде бюджет шығындарын жоспарлауда да, мемлекеттік сатып алулардың көлемінің негізділігіне қатысты да ашықтық жоқ, сонымен бірге бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттары да немқұрайды жасалады",- деді президент. "Мемлекеттің шығындарын таратуда ешқайдан құпиялық болмау керек. Сондай жағдайда ғана сыбайлас жемқорлық азайып, қаржыны мақсатсыз жұмсау тыйылады",- деді Н.Назарбаев.

Президент өңірлерді дамытуға баса назар аударуды тапсырды. "Елімізде экономикалық өсім орталықтары мен жетекші өңірлерді айқындап, осы процесстерді мемлекет тарапынан басқаруды қамтамасыз ету қажет",- деді ол. "Жаңа үкімет пен облыс әкімдері осы орталықтарда стратегиялық кәсіпорындар мен индустриялық аймақтарды орналастыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауға тиіс",- деді президент.

Н.Назарбаев сонымен бірге арзан баспана салу мәселесі жуық арада шешімін табуға тиіс деп атап өтті. "Еліміздегі тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жетілдіру қажет ,- деді президент. Сонымен бірге ол жаңа үкімет әлеуметтік сала мақсаттары аясында зейнетақы жинақтау жүйесін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар жасауы қажет екенін, атаулы көмек көрсету жүйесін жетілдіре түсу қажеттігін атап өтті.

"Кейінгі жылдары мемлекет инфрақұрылымды, авто және темір жол желісін дамыту бағытында көп іс тындырды. Дейтұрғанмен, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері тек инфрақұрылым нысандарын салу үшін ғана жауап берумен шектелмей, оларды басқару жүйесін жақсарту, сапа стандарттары жүйесін енгізуді де жауаптануға тиіс. Жаңа үкімет осы аталған мәселелерге баса назар аударуға тиіс",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны