30.06.2016, 15:05 7675

Мемлекет басшысы Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тоқтата тұратын заӊға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Жер кодексініӊ жеке нормаларыныӊ қолданысын және "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Жер кодексініӊ жеке нормаларыныӊ қолданысын және "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы заӊыныӊ қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" заӊға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қабылданған заӊ "Жер заӊнамасыныӊ кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған.

Заӊмен "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасыныӊ заӊыныӊ қолданысы 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жер кодексініӊ кейбір нормаларыныӊ қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдыӊ соӊына дейін:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заӊды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын заӊды тұлғаларға;

мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады.

Заӊныӊ мәтіні баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны