27.07.2007, 10:34 2779

Мемлекет басшысы жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу жөніндегі заңға қол қойды

АСТАНА. 27-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заң мен "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заң "Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды қарастырады. Жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты тіркеу жөніндегі функцияны халыққа қызмет көрсету орталықтары мен аймақтық әділет басқармаларына беру жобаланған.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты тіркеу институты енгізіледі, бұл азаматтардың жылжымайтын мүлікке қатысты құқығын тиімді қорғауды құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заң нормаларымен техникалық тізімдеу жүргізуге мемлекеттік монополия енгізіледі.

Сонымен қатар, "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның мақсаты қолданыстағы заңнаманы "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заңмен сәйкестендіруге бағытталған..

Заңда Азаматтық және Жер кодекстеріне, Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне, сондай-ақ, "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Иділет органдары туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны