08.02.2007, 14:10 3090

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

АСТАНА. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Қ.Мәми президентке елдің сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Жоғарғы сот төрағасы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өткен жылдың желтоқсан айында енгізілген өзгерістер судьяларды әлеуметтік қорғауды күшейтумен қатар олардың жауапкершіліктерін арттыру жөніндегі шараларды қарастыратынын атап айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны