31.08.2006, 10:07 6674

Мемлекет басшысы жуырда "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басшылығын қабылдады

АСТАНА. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұрнағы күні "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басшылығын - Директорлар кеңесінің төрағасы Иділбек Жақсыбековты, атқарушы директор Сауат Мыңбаевты, басқарма төрағасының орынбасары Ульф Вакурканы қабылдады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу кезінде холдингтің ағымдағы жұмысы мен даму болашағы талқыланды.

- Біз Мемлекет басшысына "Самұрық" холдингінің ұйымдастыру кезеңі аяқталғанын баяндап бердік. Бүгіні күні алдымызға келесі кезеңнің - корпоративтік басқару стандарттарын жүзеге асыру, қарызға алу тәжірибесін, стратегиялық және ағымдағы жоспарлаудың үйлесім жүйесін, тәуелсіз директорлар институты мен басқа да көптеген мәселелерді енгізу мақсаттары қойылып отыр. Оған қоса, Мемлекет басшысы қор рыногы қаржысының дұрыс жұмсалуына және даму мәселелеріне аса назар аударды. Біз алға қойылған міндеттерді үздік орындауға тырысатын боламыз, - деді С.Мыңбаев журналистерге арналған брифингте.

- "Самұрық" холдингінің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін мені Қазақстанға жұмысқа шақырды, мен бұл жұмысқа өзімнің халықаралық білімім мен тәжірибемді пайдаландым. Бүгін Мемлекет басшысының алдында "Самұрық" холдингінің, сондай-ақ холдинг басқаратын компаниялардың келесі даму кезеңдерінің міндеттері келісілді, - деді У.Вакурка.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны