10.09.2009, 12:48 3052

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір күндік жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мемлекет басшысын әуежайда Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов қарсы алды.

Н.Назарбаев әуежайға келген бойда "Бомбардье Аэроспайс" (Bombardier Aerospace Канада) компаниясының ел аймақтары арасындағы авиарейстерді орындауға арналған CRJ 900 ұшағымен танысты.

Одан кейін ҚР президенті Ақтөбе қалалық орталық саябақ аумағындағы "Бірлік және келісім" жасыл бульварының ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, президент Ақтөбе қаласының 140 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысады деп күтілуде.

Бір күндік сапары барысында Н. Назарбаев "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін салушылармен арадағы телекөпірге қатысады.

Сонымен қатар президент "Қазхром" АҚ жоғары көміртекті феррохром шығаратын төртінші цехтың құрылысының басталуына қатысады.

Бұған қоса мемлекет басшысы Ақтөбедегі "Достық үйі" мен жаңа теннис орталығына барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны